• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Сценарийлер

"Астанаға саяхат"

«Астанаға саяхат»

Кеш мақсаты:
● Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.

Слайд.

Жүргізуші:  Құрметті балалар, мұғалімдер!  1997 жылдан бастап әр жылдың 6-шілде – бар қазақстандықтар Астана күнін тойлайды. Бәріңізді кележатқан мерекемен құттықтай отырып Елордамызға  ойын-саяхатқа шақырғым келеді.

- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар.

Картаға  қарасақ,  қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігіндеАқмола облысында,Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Есіл өзені  Ақмола,Солтүстік Қазақстан облыстары және РесейдіңТүмен,Омбы облыстары жерімен ағады. Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады.

Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие .

1 - аялдама «Ақ Орда»

«Ақ Орда» Қ Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Ақ ордасының ресми тұсаукесері2004 ж.желтоқсанның 24күні өтті.

Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған.

Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.

Бірінші қабатта салтанатты хол орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.

Үшінші қабатта:

· киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;

· сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;

· екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;

· камин залы;

· қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.

Төртінші қабатта:

· қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;

· Саммиттің Үлкен залы;

· кітапхана;

· кіші Шығыс залы орналасқан.


Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.

2 - аялдама. «Бәйтерек»

Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан.

"Астана-Бәйтерек» монументі– елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш.

Панорамалық залортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылғанағаш глобусыорналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевалақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деп айтылады. 

«Бата»композициясы да бар. Бұл - 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақ батасы.

Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» (жұмыртқада) орналасқан кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа астанасында болған және болып жатқан өзгерістерді көре алады.


3 - аялдама Бейбітшілік пен келісім сарайы  - «Пирамида»


Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында  опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.  Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Әлемде барлығы уақыттан қорықса, тек уақыт қана пирамидадан қорқады. Ежелгі мысырлықтар солай деп айтқан және өздерінің жұмбаққа толы пирамидаларын тұрғызған, перғауындарының аттарын уақыт және кеңістік аралығында мәңгіге аттарын қалдырған. Пирамида, қатты және қырлы, бізге мәңгіліктің мызғымас символы ретінде жетіп отыр. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас архитектуралық культті нысан бүкіл әлемде жоқ.


4- аялдама «Думан» 
«Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар кафе және сауда залдары, боулинг,  балаларға арналған ойын алаңдары бар.

Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі. «Қазақстан балықтары» көрме зонасы бар.


5-аялдама  Опера және балет театры

2000 жылдың қайтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен аталмыш жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді. 

Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды. 

Әр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылды. Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Әзірбайжан Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана  қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Театр репертуары В.А. Моцарттың «Фигароның үйлену тойы», Ж. Массненің «Жас Вертердің махаббаты мен ажалы», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-сан», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», Дж. Вердидің «Травиата» опералары мен П. Чайковский «Аққу көлі», А. Адам «Жизель», Л. Минкус «Дон Кихот», Ш. Гуноның «Вальпургий» балеттері сияқты бірқатар қойылымдармен толықтырылды.

6 - аялдама «Хан шатыры»

"Хан шатырды" британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған болатын. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр. 

20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр. 

Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген.

Сауда мен қызмет көрсету нысандарынан басқа, осы жерде заман талабына сай фитнес орталығы, сұлулық салоны және т.б. табуға болады. Ал  орталықта орналасқан "Тілек ағашы". Жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек.



"Хан шатырдағы" назар аударуға тұрарлық тағы да бір бұрыш - "Өнер галереясы". Сіз бұл жерде қазақстандық суретшілер мен қолөнершілердің тамаша туындыларының куәгері атанасыз.

"Хан шатыр" ойын-сауық орталығы - отбасыңызбен, балаларыңызбен келіп алаңсыз демалыс құруға таптырмас мекен.

Астана тұрғындар мен қонақтары  өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

7- аялдама «Қазақ елі» монументі

“Қазақ елі”-Қазақстан РеспубликасыныңелордасыАстана қаласындаорналасқан мәдени-архитектуралықмонумент. Монумент2009 жылыашылды. Монументтің авторлары -Сәрсен­бек ЖүнісовжәнеЖаңбыршы Нұркенов.

Тарихи-мемориалдық кешені ақмәр­мәрданқұйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл –Қазақстантәуелсіздігін алған1991жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу­мен әрленген алып құс – Сам­ұрық Қазақ­стан­ның тынышты­ғын “күзетіп” тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстан­дық­тардың дос­тық­қа адал, бау­ырмал, ақ ниетін паш етсе ке­рек. Көптеген елдерде орнатыл­ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш­тің, қанның белгісі іспетті.

“Қазақ елі” монументінінің төрт қырлы болған се­бебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.

“Халық және Президент”

Орталық барельеф – “Халық және Президент” деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигура­ның биіктігі – 5 м, онда Н.Назар­баевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үс­тем­дік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.

“Қаһар­мандық”

Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – “Қаһар­мандық” деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бей­нелер шоғыр­ланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жырау­дың, ат үстіндегі ел қорғаған сар­баз­дың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.

“Жасампаздық”

Батыс жақ бетке орналас­ты­ры­латын “Жасампаздық” атты барель­ефте авторлар Қазақстанның көш­пе­лі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, метал­лург­тер мен диқандар бейнесі көрінеді.

“Болашақ”

Ал монументтің шығыс жа­ғын­дағы “Болашақ” атты барель­еф­те тәуелсіз елде өсіп, өз тағ­дырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастар­дың көңілді шақтары бейнеленген.

“Бірлік”   Осы идеялардың бәрі Қазақ­стан халқының тәуелсіздік алған­дағы шаттанған сезімдерін бей­нелеген “Бірлік” атты мүсіндік компози­циямен аяқталады.



- Балалар , осымен  ойын-саяхатымыз аяқталды.

Сіздердің алдарынызда жатқан  кітаптар, буклеттер, фотоальбомдар, журналдар мен газеттердің беттерінде Елордамыздың  экономикасы, саяси және мәдениет өмірі жайлы, Астананың құрылу тарихы жайлы , Астана  қаласының тұрғындары  мәлімет ала аласындар.

Кітаптар суреттерлен ,  жеңіл және үлкен қызығушылықпен оқылады.


- Саяхат сендерге ұнады ма?


Сүрақтар:
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Астана қаласы бұрын қалай аталған?
5. Астананың болашағын қалай елестетесіз?...

Фотоға түсу. Сыйлықтар мен алғыс хаттарды тапсыру.


 



Күйші,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет»өрденінің иегері                         Сержан Шәкіраттың 75 жас мере

Жаңалыққа өту  

Суретші,қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы    Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл  

Жаңалыққа өту  

Библиографиялық шолу: «Астана – бас қала» 

Жаңалыққа өту  

«Астанаға саяхат» Кеш мақсаты: ● Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу. Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне ...

Жаңалыққа өту  

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті кітапхана қонақтары мен оқырмандар! Қазақ поэзиясында  ойып тұрып орын алғ

Жаңалыққа өту  

ешке Ғ.Құрманғалиевтың шәкірттері және олардың шәкірттері, ән-терме орындаушылар, студенттер қатысады. Кеш барысында к

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу